» » Танымал ресейлік блогер ұлының атын Димаш деп қойды (видео)

Танымал ресейлік блогер ұлының атын Димаш деп қойды (видео)

  YouTubе-тағы "Будда Гришна" арнасынан шаққан ресейлік танымал блогер жаңа туған ұлына Димаш есімін берді. 120 мыңнан астам оқырманы бар блогер қазақ есімін таңдауына не түрткі болғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ер адамның сөзінше, ол мұндай шешімді хайп үшін қабылдамаған. Блогер ұлына Димаш есімін қоярдың алдында ұзақ ойланғанын да жасырмады.
Автор Димашты құрметтейтінін атап өтті. Ал бала дүниеге келгеннен кейін ол бала тәрбиесі жағынан өзінің аз да болса Светлана мен Қанат Айтбаевтарға ұқсағысы келетінін жеткізді.
"Баламның Димаш секілді жоғары адамгершілік қасиеттерге ие керемет жан болып өскенін қалаймын", - деді автор.
Оның сөзінше, о баста ол таңдауы жайлы ұзақ ойланыпты. Алайда қазір шешіміне өкінбейді екен.
Блогер қазақстандық әншінің күллі әлемге өзінің мейірімділігімен танылғанын сөз етті.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген "Вечерний Ургант" шоуының қонағы болып, Иван Ургантқа шапан жапқан еді.
01 қараша 2019 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30