» » Ауылшаруашылығы дамыса, өндіріс түлейді

Ауылшаруашылығы дамыса, өндіріс түлейді


Кешегі кеңестер кезінде Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдері рекордтық көрсеткішке қол жеткізгені жалпақ жұртқа мәлім. Бидай, күріш, тарыны айтпағанда, ет экспорттаудан да ешкімді алдыға салып көрмедік. Білесіз бе, сол уақытта Семейдегі ет комбинаты бүкіл одақтас 15 республиканы етпен қамтамасыз етіп тұрған. Ал бүгін ше? Аграрлық сектордағы бәсіміз қандай?
Үкіметтің соңғы жылдары дамытуға барынша күш салған саласы – ауылшаруашылығы. Жеңілдетілген түрлі мемлекеттік бағдарламаларды айтпағанда, бюджеттен берілетін субсидияның да көлемі бірнеше есеге  көбейген.Аграралық сала мамандарын даярлауға да ден қойылды. Дегенмен, жүйткіген жүйріктей құйғытып кете алдық па? Әлемдік нарыққа жоғары сапалы өнім ұсыну үшін алдымен, аграрлық ғылымды дамыту керек. Бұл даусыз.  Мұны Елбасы«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында атап айтты.
  • Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік. Оны мақтан
тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс, – деді.
Шыны керек, еліміз егістік алқабының көлемі жөнінен әлемде Австралия, Канадамен йық тіресіп  алдыңғы қатарда тұр. Өңірдегі табиғи-климаттық жағдай да әралуан. Топырақтың құнарлылығы да ұқсамайды. Мұның бәрі бізге түрлі бағытта:  бидай, күріш, майлы дақыл және жем-шөп дақылдары, ет және сүт өндірісінде бәсекесінде бәсіміздің биік болуына мүмкіндік береді. Ол үшін әлем ғалымдары назар аударған аграрлық ғылымға күш салу керек. Аграрлық ғылымның дамуы үшін ауылшаруашылық мамандарын жаңа бағытта дайындау шарт. Мемлекет басшысы да аграрлық ғылымды дамытуда аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керектігін шегелеп тапсырды.
  • Аграрлық университеттер диплом беріп қана қоймай, ауыл
шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс. Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналуы талап етіледі. Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады. Жүргізушісі жоқ техника адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді,- деді Елбасы.  Бұл бағытта АҚШ, Канада, Израиль, Франция, Аргентина, Бразилия, Қытай сынды елдердің озық тәжірибесі бізге үлгі.    
Сондай-ақ, мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың да стратегиялық жолын қарастыруы керек. Президент алдағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды. Тапсырма жүктелді – ендігі міндет орындау.  
Құралай РАХЫМБАЙ
25 қаңтар 2018 ж. 1 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031