» » Нұрболхан Шарапов: "Мен Ләйлә Сұлтанқызын ерекше сыйлаймын, құрметтеймін."

Нұрболхан Шарапов: "Мен Ләйлә Сұлтанқызын ерекше сыйлаймын, құрметтеймін."

  Әзілкеш Нұрболхан Шараповтың танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына шабылуы сотқа ұласқан еді. Кезекті сот отырысы кеше, яғни 7 қарашада өтті. Қазірге екі тарап та сотқа байланысты қандай да бір ресми пікір білдірген жоқ. Дегенмен, осы оқиғада айыпталушы деп танылған Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызы мен бағдарламаға қатысты жазған жазбаларын парақшасынан өшіріп тастаған.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының тарапынан жауап берген заңгердің айтуынша, сот процессы біраз уақытқа созылған. Тыңдалым кезінде әзілкеш Шарапов жазбаларының ешқайсысы ол кісіге қатысты емес екенін айтқан.

«Мен Ләйлә Сұлтанқызын ерекше сыйлаймын, құрметтеймін. Әр жазбамы да құрметті Ләйлә Сұлтанқызы деп бастаймын. Мен ол кісіге қатысты ештеңе жазған жоқпын», - дейді.

Осыған дейін атышулы «Өз ойымның» продюсері Жанкелді Таңатбекұлы мен аутсорсинг компания басшысы Қойшыбаев Нариман Шараповтың жазбалары мен видеолары 100% бағдарламадан тыс Сұлтанқызының жеке басына қарсы айтылғанын дәлелдеген болатын. Және бұл шешім сотта да ескерілген.

Жағдайға байланысты бағдарлама шығатын компанияның басшысы Нариман Қойшыбаевтың айтуынша, бағдарлама ешқандай да сыртқы күштің әсерінен жабылмағанын ресми мәлімдеді.

«Кейбір кісілер хабарды біз жаптық дегенін оқып, күлкім келді. Бағдарлама менің компанияма тиесілі, келісім-шарт уақыты жыл басында белгіленеді. 7-арнаға да, компанияға да «Неге жабылды?» деген сұрақ бірде бір тараптан қойылмады. Демеушілер болса, ары қарай жалғастыруымыз әбден мүмкін. Келіссөздердің жүріп жатыр: Сыртымыздан сөйлеп не шешім қабылдап жүргендердікі бос сөз», - деп сөзін аяқтады.

Ал, Ләйлә Сұлтанқызының өзі болса, қорғаушыларына сенімхат беріп, сотқа қатыспайтынын растады.

«Әркімнің сөзіне сене берудің қажеті жоқ. Барлық нәрсенің өз шегі болу керек. Бұдан да басқа өзекті мәселелер бар. Жаңа жобалар дайындаудамыз, арна ашу жоспарда бар», - деп әңгімесін қысқа қайырды.

Осыдан бірнеше уақыт бұрын, біздің арнаға «Амандаспады», - деп берген сұхбат жайлы сұрағымызға:

«Бірінші амандасқан адамның сауабы жайлы жақсы білемін. Бұл оқиға рас болса, жауап қатпайтын қатыгез емеспін. Жуырда ашылатын арнамызға да жұмыссыз қалған Нұрболханды шақырамыз», - деп ағынан жа

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын жеке басыма қолсұқты деген айыппен онан астам «разоблачение» арнаған Нұрболхан Шараповты Ләйлә Сұлтанқызы сотқа берген еді. Соттың толық нәтижесі қазірге беймәлім.


08 қараша 2019 ж. 992 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031