Қоғамдық кеңес мүшелері жылды қортындылады
Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж 11 қараша күні сағат 16.00 де Қармақшы аудандық мәжіліс залында, 12 қараша күні сағат 11.00-15.00 де Жаңақорған, Шиелі аудандарының мәжіліс залында «Қоғамдық кеңес мүшелерімен жылды қортындылау» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілді. Облыстық және аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым басшылары, БАҚ өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Қармақшы ауданында облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Умирсериков Ерулан көтеріп жатқан мәселесі туралы айтып, облыстық қоғамдық кеңестің атқарылып жатқан отырыстары жайында сөз қозғап кетті. Жаңақорған, Шиелі ауданында Нұрлан Көбегенұлы қатысып өзінің атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Ал аудандық қоғамдық кеңес төрағалары аудан бойынша атқарған жұмыстарының есебін айтты. 2019 жылдың жалпы жұмысы қортындыланып, пікір ұсыныстары бойынша келесі 2020 жылға жоспар жасалды.