» » ҚЫЗЫЛОРДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕК

ҚЫЗЫЛОРДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕК


  1. Қызылорданың байырғы атауы – Қамысқала. Қаланың негізі 1817 жылы Қамысқала атты елді мекенде Қоқан хандығы салған Ақмешіт бекінісі болып қаланды.
  2. Қызылорда аумағында ертеден қалған тарихи қорғандардың орындары көп. Ордакент, Сығанақ қалалары, Жалпақасар, Жетіасар, Құмқала, Шірік-Рабат асарларын құнды жәдігерлердің бірегейі десек болады.
  3. Қызылорда – Алаштың анасы атанған киелі мекен. Ақмешіттің топырағында қазақ зиялыларының ізі қалған. Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров, Әбділда Тәжібаев, Сабыр Шәріпов, Қалмахан Әбдіқадыров, Асқар Тоқмағанбетовтың шығармалары Қызылордада жарық көрді.
  4. 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің V съезінің ашылуы өтті. Бес күнге созылған съездің мақсаты – «қырғыз» халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру еді. Күллі қазақтың V съезі Кеңестердің «киргиз» деп келген атауын «қазақ» деп өзгертуге қаулы қабылдатты. Сонымен бірге, «Киргиз Республикасын» «Қазақ Республикасы» деп өзгертуге шешім шығарған.
  5. Қызылордада 1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты түрде беріп тұрды.
  6. Қазақтың алғашқы ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, мал дәрігерлік-бактериологиялық және де басқа институттары өз жұмысын осы қалада бастаған.
  7. Қызылорда қаласында жерасты мешіті болған. Ұзақ жылдар бойы құпия сақталып келген ғибадатханада тұрғындар асыл дінімізді ұстануға қысым жасалған замандарда жасырын түрде құлшылық еткен.
  8. Сыр бойын күрішсіз елестету мүмкін емес. Өңіріміздің бренді – «Ақ маржан» күрішін әлемге танымал «Nestle» компаниясы өз өнімдеріне пайдалануды жоспарлауда.
  9. Сырдария өзенінің сол жағалауына Қызылорданың екінші бөлігі салынады деп жоспарланған. Қаланың архитектурасы бойынша жаңа қала ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ғимараттардан тұрмақ.
  10. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Сыр бойының  өткені мен бүгіні жайлы баяндайтын маңызды мәдени орталық. Мұражай  жанында «Ақмешіт» музейі және Көркемсурет галереясы  жұмыс  істейді. 2015 жылы облыстық музейде реконструкция және реэкспозиция жұмыстары жүргізілді.
  11. Арал балығы бүгінде Еуропа елдеріне экспортталады. Аралды тілге тиек еткенде «Аралтұз» жайлы айтпай кетуге болмас. Қызылорда аймағында орналасқан тұз өндіру зауытының 90 жылдан астам тарихы бар.
  12. Алғаш қазақ драма театрының шымылдығы Қызылордада ашылды. Қазақтың тұңғыш ұлттық театры Қызылордадағы орыс театрымен бір ғимаратта жұмыс істеді.
Әсел БЕГМАН
25 қаңтар 2018 ж. 4 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031