» » Президент Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Президент Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.
«Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетелік, аталмыш оқиға бүгін таңғы 04.30 шамасында болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам емдеу орындарына жатқызылды. Оқиғаға байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі түсінік берді. Сондай-ақ, сегіз адамның өмірін қиған «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы автобус апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

04 желтоқсан 2019 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031