» » Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының қашан үйленетіні жайлы айтты

Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының қашан үйленетіні жайлы айтты

   Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев ұлының алдағы жоспарларымен және Нью-Йоркте өткен концерттен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жас әншінің қашан үйленейін деп жүргені әлі белгісіз көрінеді.
"Ол жас жігіт қой. Үйленгісі келсе, үйленеді. Кішкене күтіңіздер. Бір күні үйленеді ғой", - деді Димаштың әкесі.
Бұған қоса Қанат Айтбаев баласының Нью-Йоркте өткізген концерттен кейін біраз демалу керектігін айтып, өзінің алған әсерімен бөлісті.
"Біздің өткен концерттен алған әсеріміз өте керемет. Біз бұны ұйымдастыруға көп күш жұмсаған едік. Уақыт белдеулерінің ықпалы да бар. Қазір денсаулығымызды қалыпқа келтіру үшін біраз уақыт қажет. Дегенмен концерттің нәтижесі күш салуға тұрарлық болды. Әлемдік сахнада орындалған қазақ әндерін, домбыра күйі мен ұлттық нақышта дайындалған киімдерді айтсаңызшы, қандай ғажап болды", - деп қосты ол.
13 желтоқсан 2019 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031