Жазира Байырбекова тағы да ауыр халде аурухана түсті
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова өзінің Instagram парақшасында аяқ-асты ауруханаға екендігін түскенін мәлімдеді.
Айтуынша, оқиға бірнеше күн бұрын болған. "Негізі бірнеше күн болды xалық алдына шығу керек болып,асығып жүгіріп бара жатып,баспалдақтан құлап,аяғымды сындырып алғаныма.Бұл Алла тағаланың маған деген мейірімділігі,қамқорлығы.Аллам әрбір пендесін ұмытпайды ғой шіркін! Мені біраз уақыт (режим ұстап) уақытылы демалсын,уақытылы тамақтанып имунитетін көтерсін,витаминдер қабылдасын,жалпы xалық алдында ұзақ жүретін күш жинап алсын деп осылай аяғымды сындырып қойды.Өйтпесе мен өзімді аямай күні түні шапқылап жүре беретін,шақырып тұрған жерге бармауға ысырап жасадым ба деп ысыраптан қорқатын адаммын. Уайымдап қалмаңыздар,Алла қаласа жақын күндерде аяғымды басып жұмысыма кірісемін. Мұнда тек Алланың мейірімділігіне тағы да көзім жетіп отыр!", - деп жазды әнші. Сондай-ақ, ол сынған аяғының суретін көрсетті.
tengrinews.kz