» » Мас жүргізуші құрықталды

Мас жүргізуші құрықталды

Қызылордалық полицейлер қала ішінде мас жүргізушіні құрықтады. Ол қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
16 қаңтарда жергілікті уақыт сағат 17:30-да шамасында полиция қызметкерлері «Lada» маркалы автокөлігі ЖҚЕ ережелерін бұзып, автокөлік ағынының қозғалысына кедергі келтіргендігін байқады. Полиция қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспай, жүргізуші газға басу арқылы жоғары жылдамдықпен қашады. Көп ұзамай полиция қызметкерлерінің күшімен ол орталық көшелердің бірінде ұсталған.
Жүргізуші облыс орталығының 57 жасар тұрғыны болып шықты. Алкогольдің иісін сезіп, полиция қызметкерлері алкогольді анықтау үшін куәландыруды жүргізу үшін наркологиялық орталыққа жеткізді. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша азамат жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған.
Алайда, тексеру барысында аталған азамат соттың шешімімен көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылғанына қарамастан, автокөлікті алкогольдік масаң күйде қайта басқарып басқа жол қозғалысы қатысушылардың өміріне қауіп төндіретінін атап өткен жөн.
Қазіргі уақытта тәртіп бұзушы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Кінәліге жүргізушіге қатысты автокөлік жүргізу құқығынан өмір бойы айырыла отырып, 5000 АЕК-ге дейін айыппұл /13.255 000 теңге дейін/ салуға немесе 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейту мақсатында полицейлер облыс тұрғындарын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
18 қаңтар 2020 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031