ДАРЫНДЫ ЖҰЛДЫЗДАР – 2020

Айта кету керек, 2019 жылдың 5-6 желтоқсан аралығында Тәкей Есетов атындағы мектеп-лицей базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңі өткізілген болатын. Олимпиада 13 ғылым негіздері пәндері бойынша өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық іскерлікті тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады.
2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І /мектепішілік/ кезеңіне 54 мектептен 8-11 сынып оқушылары арасынан 6034 оқушы қатысты.
Қалалық кезеңге бөлімге қарасты білім ошақтарынан 9-11 сынып оқушылары арасындағы І (мектепішілік) кезеңде жеңімпаз атанған 1228 оқушы ІІ (қалалық) кезеңге қатысты. Оның ішінде қазақ бөлімінде оқитын 1092, орыс бөлімінде - 136 оқушы өз білімдерін сынайды.
2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қала мектептерінен 456 оқушы жүлдегер атанды: жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 220 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 236 оқушы.
Қатысушылардың 456-і жүлделі орындарға ие болды: І орын – 44, ІІ орын – 130, ІІІ орын - 282.
Республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңінің І орын жеңімпаздары 2020 жылдың 5-6 қаңтар күндері өтетін ІІІ облыстық кезеңге қатысты.
ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес Олимпиаданың IV (қорытынды) кезеңін: Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесе отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 2020 жылғы 16-21 наурыз аралығында;
бойынша Алматы облысының білім басқармасымен бірлесіп қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Талдықорған қаласында 2020 жылдың 25-29 наурыз аралығында өткізу жоспарлануда