» » Жас маманға пәтер кілті табысталды

Жас маманға пәтер кілті табысталды

   «Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы» тағы бір дәрігермен толықты.  Сонымен бірге жұмысқа қабылданған жас маманға Байқоңыр қаласынан пәтер кілті табысталды.
Мұхтар Жұмабаев Қазалы ауданында дүниеге келген.
Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Білімін жетілдіру мақсатында Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінде интернатураны хирург мамандығы бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын Байқоңыр қаласының № 1 емханасына хирург болып бастаған.
Мұхтар Сұлтанбекұлы 2018 жылы Тәуелсіз еліміздің өркендеуі жолындағы еңбегі үшін "Нұр Отан" Қызылорда қалалық филиалының "Алғыс" хатымен және Денсаулық сақтау саласындағы адал да қажырлы еңбегі, халқымыздың денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі үшін Қызылорда теміржол ауруханасының "Құрмет грамотасымен" марапатталған.
Отбасылы, үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған үлгілі әке.
21 қаңтар 2020 ж. 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031