МЫСЫҚ ҚАЛАЙ ҮЙ ЖАНУАРЫНА АЙНАЛДЫ?

Мысықтардың арғы тегі қазіргілерден сәл басқаша болды. Олар сонау ерте кездері құстармен қоректеніп, адамдарға да, өз араларында да айбаттықпен өмір сүрген. Үй жануары болғалы олардың көлемі кішірейіп, жыртқыштық қасиеті азая бастайды. Алайда олардың жыртқыштық іс-әрекеттері әлі де өз қалпында.
Ең алғаш болып мысықты ежелгі мысырлықтар қолға үйреткен. Бірақ бұл болжам анық емес. Себебі Түркиядағы қазба жұмыстары кезінде мысықтың мүсіндері табылған. Ал кей жерлерде, мәселен, VI ғасырда мысықпен бірге жерленген адамдарды да анықтаған.
Адамдар мысықты не үшін қолға үйреткендігі белгісіз. Алайда мысырлықтар мысықтардың жақсы күзетші екенін білген. Мысықтар астықты тышқандардан қорғаған. Ал адамдарды жыландардан, құрт-құмырсқалардан сақтаған және мысықты өлтірген адамдарды дарға асқан. Бір қызығы, ежелгі грекиялық құдай Басттың мүсіні мысық бейнесінде табылған.
Әр құрлықтың мысығының бір-бірінен айырмасы көп болған. Алайда кей адамдар мысығын басқа елге сатып, басқа мысықтар өздігінен табиғи ортасын ауыстырғандықтан, олар қазіргі түрге енген деседі. Десе де ғалымдардың зерттеуінше, қазіргі Еуропада мысықтардың арғы тегі Мысырдан шыққан екен.
ДАМИР Амангелді