Қайрат Нұртастың жүрмейтін жері жоқ
Елімізге танымал әнші Қайрат Нұртас өзінің жанкүйерлеріне және барша қазақстандықтарға сәлем жолдап, мынадай жаңалықты жеткізді.
– Биылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру басталады. Мен денсаулық елшісі болдым. Осы салаға қатысты айтар шағымдарыңыз болса, әлеметтік медсақтандыру қорына хабарласыңыздар. Кемшілікпен жұмыс жасалынады, – деді ол инста парақшасында.
Оған көпшілігі бұл сөздің жалған екенін, шын мәнінде дұрыс жұмыс істелмейтінін айтып пікір қалдырған. "Айналайын Қайрат-ау, мен сен туған ауылда тұрам. Мұнда қаралуға барсаң медицинасы тұралап қалған, не дұрыс қарамайды да", "Қайдағы шағым, олар оны құлағына да ілмейді", "Қайраттың жүрмейтін жері жоқ екен" т.б. пікірлер жазылған.