» » «Құрметті ректор» атағы берілді

«Құрметті ректор» атағы берілді

     Ғылыми кеңестің шешімімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының кандидаты Бейбіткүл Кәрімова облыстық мәслихаттың хатшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисеновке «Құрметті ректор» атағын табыстады.

    Қылышбай Алдабергенұлының білім биігіндегі еңбегі ерен. Қызылорда облыстық мәслихатына бес мәрте сайланған депутат. Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының ректоры. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректорлығына дейін көтерілді. Танымды тұлға университетті басқарған жылдары білім ордасының халықаралық деңгейдегі қарым-қатынасы күшейіп, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісінде нәтижелі жұмыстар атқарылды. Ғылым мен білімге ұмтылған жастарды қолдау арқылы Сыр елі жас ғалымдарының жаңа буыны қалыптасты. Университеттің материалдық-техникалық базасы нығайып, жастарға арналған жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Білім берудің нәтижесін анықтайтын әлемдік және республикалық рейтингтерде университет жоғары орындардан көрінді.
28 қаңтар 2020 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031