» » Қызылордада күріш бағасын негізсіз өсіріп жібергені анықталды

Қызылордада күріш бағасын негізсіз өсіріп жібергені анықталды

  Қызылорда облысында күріш өндіретін кәсіпкерлер өнімнің бағасын бірден 50 пайызға дейін негізсіз өсіріп сатып келген. Кәсіпкерлер орташа есеппен 1 килограмы 220 теңге тұратын өнімнің бағасын 330 теңгеге дейін көтеріп жіберіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Күрішті өңірде кәсіпкерлер өнімді бір жылға жуық қымбат бағамен сатып келгені анықталды. Ал бұған қатысты бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті бағаны негізсіз көтерген компанияларға тек ескерту ғана жасаған. Бағаға жауапты мамандар осы ескертудің арқасында күріш бағасы 250 теңгеге дейін төмендеді дейді. 
"ҚР-дың кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес аталған субъектілердің іс-әрекеттеріне қатысты еліміздің бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарлама берілді. Ескерту жасалған азаматтар хабарламаларды толығымен орындады", - деді бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Ғалымжан Ермағамбетов. 
13 ақпан 2020 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031