Сала мамандары кеңес берді
Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен халық көп шоғырланатын «Жайна» сауда орталығында қала тұрғындары мен жастарға арнап арнайы сала мамандарының қатысуымен мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы кеңес беру шарасы өтті.
Шараға «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалының кеңесшісі, Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасының маманы, «Жастар денсаулық орталығы» КММ-нің психолог маманы және мейірбикесі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары өз салалары бойынша кеңестер берді. 50 жуық қала тұрғындары мен жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Шара барысында сала бойынша ақпараттық-таратпа материалдар үйлестірілді.

