» » Министрлік қазақстандық коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берді

Министрлік қазақстандық коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берді

  Бұған дейін Кореяда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы дәрігерлерден қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Қазақстандық дипломаттар мән-жайды анықтап жатыр
 Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықта коронавирус анықталды деген ақпаратты түсіндірді.
"Бұл ақпарат дәлелденген жоқ. Корея тарапынан Сеулдағы Қазақстан елшілігіне ресми хабарлама түспеді. Біздің дипломаттар Кореяның желілерінде тараған ақпаратты тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Кореяның әлеуметтік желілеріне сүйеніп ақпарат таратқан болатын. Хабарламада Кореяда коронавирусқа тексерілген қазақстандықтың індетті жұқтырғаны анықталғаны жазылған. Кейбір деректерге сәйкес, оның жуырда Кунпхо қаласынан Ансонға көшкені айтылған. Қазір жергілікті полиция ер адамды іздестіріп жатқаны да хабарланған еді. Әлеуметтік желіде, әсіресе, орыс тілді топтарда оның аты-жөні мен суреті таралып кеткен.
Джон Хопкинс институтының мониторингіне сәйкес, әлемде 92 283 адам коронавирус жұқтырған. Оның 3 129-ы көз жұмды, 48 175 адам дерттен айықты.
Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Қытай және Иранмен жолаушы тасымалы тоқтатылды. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореямен қатынайтын әуе рейстерінің саны азайтылды.
Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға 1 наурызға дейін елге оралу керек екені айтылған болатын.

Sputnik.kz




04 наурыз 2020 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031