» » Карантин ережесін бұзғандарға айыппұл салынады

Карантин ережесін бұзғандарға айыппұл салынады

 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықты үрейленбей, сақтануға шақырды.
«Бәріміз дұрыс түсінуіміз керек. Бұл – жұқпалы ауру. Өкінішке қарай, тез тарайды. Бірақ бәрін қырып тастайтын ауру емес. Кәдімгі инфекциялық ауру. Шіли қорқып, үйде тығылып отырудың қажеті жоқ. Әрине, сақтану керек. Гигиеналық ережелерді сақтаңыздар. Егер қауіп жоғары болса, үйде оқшауланыңыз», – деді Біртанов.
«Азаматтар карантинге қарсы болып, медициналық қызметкерлерге, полицияға қарсылық келтірсе, әкімшілік қамауға алынады. Егер сол азаматтан ертең коронавирус анықталып, басқаға жұқтырса, заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондықтан жауапкершілікті дұрыс түсінуіміз керек», – деді бұл жайлы министр.
Ол сонымен бірге, медициналық карантин ережесін бұзған, яғни ауруханадан қашып кеткен, үйдегі оқшаулану талаптарын сақтамаған адамға 13 000 теңгеден астам айыппұл (5 АЕК ) салынатынын ескертті.Денсаулық сақтау министрі екі-үш ай көлемінде инфекцияның таралуы шектеледі деп үміттенеді.
14 наурыз 2020 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031