» »   Арманы асқақ Ақтолқын

  Арманы асқақ Ақтолқын

  Былтыр Қармақшы ауданында «Жас шың» жастар сыйлығы алғаш рет берілді. Ауданда өз саласы бойынша биіктен көрініп жүрген жас көшбасшылар осылайша марапат тұғырына шыққан. Солардың бірі –  аудандық емхананың облысқа қарасты бөлімшесінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» маманы Ақтолқын Нұрмағанбетова.
Қармақшы ауданына қызмет бабымен барғанда алғаш танысқаннан бастап «Жастар мәселесін қозғар болсаңыз, мен сізге көмектесе аламын. Ауданда бұл бағытта атқарылған сан алуан жұмыс бар» деген жас маман араға біраз уақыт салып, мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытып, қоғамдық өмірге бейімдеу ісіне араласып жүргенін айтты.
– Алдыңа қанша адам келеді. Олардың тағдыры әрқилы. Жаның ауырады. Оларды қоғамға бейімдеу мақсатында тынымсыз еңбек еттік. Білесіз бе, мен осы жұмыстан ләззат аламын. Өйткені, еңбегіңнің нәтижесі көрініп тұр, – деді ағынан жарылып.  
Ол көшбасшылықты былай қойғанда өз қатарластары арасында шаршауды білмейтін жалынды жас екенімен ерекше. Жігерлі жас 2015 жылдан бері «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігін басқарып келеді. Оған қосымша, жастар саласында атқарылып жатқан түрлі жобалардың басы-қасында жүреді.
– Оқушы кезімнен ел мүддесі жолында еңбек етсем деп армандайтынмын. Алдыма қойған мақсаттарға жетіп келемін. Әйткенмен, арман таусылған ба?! Адам өсу үшін мақсатшыл болу керек. Олай болмасаң, дегеніңе жете алмайсың, – дейді Ақтолқын Алтынбайқызы бізбен әңгімесінде.
Арманы асқақ ару қай қызметте жүрсе де көмекке мұқтаж жанға қолұшын беруге асығады. Сірә, оны өзгелерден оқ бойы оқшаулап тұратын да сол қасиеті болар. Еңбек жолын туған ауылы Дүр Оңғарда бастаған ол ауылдың қадіріне қанық. Туған жерге тағзымын жасап, арман жолынан адаспаған жан.
– Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар «Дипломмен - ауылға», «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резерві», «Жас құрылысшылар» жасағына жастардың белсене қатысуын ұйымдастыруға атсалысу да – менің сүйікті ісім болды. Бір адамға көмегім тиіп жатса, төбем көкке жеткендей қуанамын. Оған қоса, «Жұмыспен қамтудың 2020 жылдарға арналған жол картасы», «Қолжетімді баспана – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Саламатты Қазақстан», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға», «Серпін – 2050» және тағы да басқа бағдарламалар мен жобаларды жастарға кеңес беру жұмыстары арқылы насихаттап келемін. Мен үшін жұртқа шарапаты тиетін жұмыс болса, соған қуаныштымын, – дейді Ақтолқын Алтынбайқызы.
Еңбегі елеусіз қалып жатқан жоқ. Осы кезге дейін жас ару түрлі басшылық қызметтегі азаматтардың алғыс хатын иемденді. Аудан, облыс әкімдерінің құрмет қағаздарына да қол жеткізді.
Әне, ақ халатты бойжеткен отыр. Алдына келген жанға салауатты өмір салтын насихаттап, тура жолды нұсқауда. Келген кісі де жылы жымиып, басын изеп қояды. Міне, Ақтолқын Алтынбайқызының бүгінгі жұмысы.
Аян СПАНДИЯР.
 
      
16 наурыз 2020 ж. 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031