Ақша коронавирус тасымалдауы мүмкін
Қолма-қол ақша төлемдері коронавирус жұқтыруға себеп болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, вирустар қағазда және пластикте бірнеше уақыт сақталады. Коронавирус қағазда үш-төрт күн, пластик заттарда тоғыз күнге дейін өмір сүреді. Дегенмен сарапшылар қолма-қол ақша төлемдерінен мүлде бас тартуға шақырмайды. Алайда банкноттар мен монеталар ұстағаннан кейін бет-әлпетті ұстамауға және қолды мұқият жууға кеңес берді. Осы категория бойынша: « Елордада қандай қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады.
https://24.kz/kz/