Коронавирустан жазылған екі адам Алматыда емделген
Коронавирустан емделіп, жазылған 2 адам Алматы тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ақпаратты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
«Коронавирустан Алматыда екі адам емделді. Олар ертең ауруханадан шығады», – деді баспасөз қызметінен.
Бұған дейін, бұл індеттен Қазақстанда 2 адам емделіп, жазылғанын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтқан болатын.
Осы уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді
Kyzylorda-news.kz.