» » Қызылорда қаласына кіріп-шығуға тыйым салынды

Қызылорда қаласына кіріп-шығуға тыйым салынды

  Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап Қызылорда қаласына кіріп-шығуға тыйым салынады
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус індетінің таралуына байланысты аймақ тұрғындарына жасаған үндеуінде мәлімдеді.
"Аймақта коронавирус жұқтырған бес қазақстандық анықталып отыр. Бұл жағдай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қатаң шараларды қабылдауды талап етеді. Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап Қызылорда қаласына барлық көлік түріне кіруге және одан шығуға тыйым салынады", - деді ол.
Сонымен бірге, 1 сәуірден бастап теміржол қатынасы шектеледі.
"Облыс тұрғындарынан сұрайтыным: шектеу талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз. Қоғамдық орындарда серуендеуді доғарып, үйден шықпай, дерттен оқшауланған жөн. Қазір кез келген адам вирус жұқтыруы ықтимал", - деді Әбдіқалықова.
Ал ережені бұзғандарға заң аясында жазаланады.

30 наурыз 2020 ж. 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031