Жастар жәрдем етуде
26-31 наурыз күндері аралығында Байқоңыр қаласында NEET санатындағы жастармен, Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестігін нығайту бойынша орталық құрылып қазіргі таңда жұмыс жасауда. Жастармен жұмыс жасау тобының құрамы бекітіліп, волонтер жастардың базасы қалыптастырылды. Жоба аясында 2 мұқтаж жанға азық-түлікпен үй шаруасына қажет заттармен көмек көрсетілді.
Бұл істер «Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобасы аясында атқарылуда.
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының арасында жасалған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарына сәйкес алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Орталық мекен-жайы: «ҚазҒарышСапары» ғимараты, 2 қабат, 224 кабинет, жұмыс уақыты: Дс-Жм, сағат: 09.00-19.00.