» » Қызылорда облысында коронавирус оқиғасы Қармақшы және Шиелі аудандарында тіркелді

Қызылорда облысында коронавирус оқиғасы Қармақшы және Шиелі аудандарында тіркелді


Қызылорда облысында коронавирус жұқтырудың тағы 6 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммункикациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 24 адамға жетті. Олардың екеуі – Қармақшы ауданында, екеуі Жаңақорған ауданында, біреуі – Шиелі, ал, алтыншысы – Қызылорда қаласында тіркелді. Қармақшы ауданындағы бір науқас Алматы қаласынан келген. Екінші науқас анықталу үстінде. Жаңақорған ауданындағы екі адам да осы инфекцияны бұрын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Шиелі ауданында да осындай жағдай, яғни, бұрын ауырған науқаспен тығыз байланыста болған. Ал, Қызылорда қаласында анықталған адам облыста ең бірінші анықталған науқаспен қарым-қатынаста, тығыз байланыста болған», – деді Жақсылық Абдусаметов.
01 сәуір 2020 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031