"Бәрі артта қалды" Медеу Арынбаев ауыр дерттен айыққанын айтты

Бұл қуанышты жаңалығымен әнші карантин уақытында берген онлайн концерті кезінде бөлісті. Ол өзін біраз уақыт мазалаған ауыр дерттен күрделі отаның арқасында айығып шыққанын жеткізді.
"Өткен жылы осы кезеңдерде басымнан үлкен дерттен құтылдым. Он сағаттық ота жасалды. Бәрі алаңдап, сұрап жатыр. Денсаулығым бүгінде жақсы. Бәрі керемет, бәрі артта қалды. Бір түс көргендей болып қалды" , - деді Медеу Арынбаев.