Қазақстанда індетке шалдыққандар саны тағы 4 адамға артты

Елімізде тағы төрт адам қауіпті вирус жұқтырды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.
"3 сәуір сағат 12.00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелдi, Түркістан облысында - 2 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам", -делінген хабарламада.
Осылайша республикада науқастардың жалпы саны 448 адамға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 199 адам
- Алматы қаласында – 91
- Қарағанды облысында – 22
- Ақмола облысында - 19
- Атырау облысы - 20
- Жамбыл облысында -6
- Шымкентте – 11
- Шығыс Қазақстан облысында - 3
- Алматы облысында - 9
- Ақтөбе облысында – 7
- Солтүстік Қазақстан облысында - 15
- Павлодар облысында – 1
- Маңғыстау облысында – 1
- Қызылорда облысында – 26
- Батыс Қазақстан облысында - 2
- Түркістан облысында – 16.