» » Аймақ басшысы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

Аймақ басшысы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

  Kyzylorda-news.kz. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Болат Нұрхожаев, «Социум Қызылорда» Қоғамдық қорының төрағасы Ерлан Мұсаев және «Волонтеры Кызылорды» Қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Чебакованы қабылдады.

Кездесуде ең алдымен жергілікті атқарушы орган мен қоғамның бірлесіп қолға алатын коронавируске қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Сондай-ақ, халықпен кері байланыс жүйесін жетілдіру жайы қаралды. Әсіресе, интернет кеңістігінде, оның ішінде «Facebook», «WatsApp», «Telegram» және басқа да әлеуметтік желілер арқылы жүргізілетін ақпараттық-насихат жұмыстарына басымдық берілді.
«Біз қазір кең ауқымда кездесе алмаймыз. Осындай шағын құрамда басқосулар ұйымдастырып жүрміз. Сіздерден сұрайтыным, халыққа түсіндіру керек. Ең бірінші қорғаныс – үйден шықпау. Егер қандай да бір проблема болса, әкімдікке жеткізcеңіздер. Бірлесіп шешетін боламыз», – деді облыс әкімі.
Облыс әкімі дағдарыстан шығу жолдарын қазірден бастау керектігін айтты. Аймақ экономикасы үшін алдағы уақыт оңайға соқпайды.
«Азаматтық қоғам белсенділерімен ақылдасып, кеңесіп шешетін мәселе көп», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Қоғам белсендісі Болат Нұрхожаев облыстық Қоғамдық кеңес қызметін жандандыру, қаланың көгалдандыру және арық жүйесін реттеу сынды мәселелерін атады. «Социум Қызылорда» Қоғамдық қорының төрағасы Ерлан Мұсаев облыстық әкімдіктің халықпен кері байланысын жолға қою қажеттігін атап өтті. Бұқаралық шаралардың маңыздылығына да тоқталды.
Ал, «Волонтеры Кызылорды» Қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Чебакова аймақтағы волонтерлардың қазіргі жағдайын тілге тиек етті. Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемге қол жеткізу жолдарын бірлесіп реттеуді ұсынды.
Бұл ретте, аймақ басшысы әлеуметтік міндеттемелердің орындалатынын және мұқтаж жандардың ешбірі қаржылай көмек пен азық-түлік жиынтығынан құр қалмайтынын атап өтті.
«Бірақ, осы бағыттағы ақпараттық-насихат жұмыстарында азаматтық журналистика өкілдерінің рөлі аса маңызды», – деді.
Халықтың көпшілік орындарға топ болып жиыла беруінің соңы қауіпті індеттің одан әрі өршуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларына қоғам біркісідей атсалысуы керек.
Жиын соңында Гүлшара Әбдіқалықова билік пен қоғам арасындағы жүйелі диалогтың маңыздылығына тоқталды. Мұндай жиындарда өзекті мәселелер тек талқыланып қоймай, керісінше жаңа ұсыныстар сараланып, аймақтың одан әрі дамуына сеп болады. Облыс әкімі осының өзі ашықтық, яғни Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бекіткен тыңдай әрі ести білуге үндейтін «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасы екенін атап өтті.
05 сәуір 2020 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031