Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың саны 37-ге жетті
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Барлығы бұған дейін вирус жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған және карантиндік стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастар оқшау орында тиісті емдерін қабылдап жатыр.
05.04.2020 жағдай бойынша аймақта коронавируске шалдыққан 37 адам анықталды. (Қызылорда қаласында – 6 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 11 жағдай).
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам
Алматы қаласында – 116 адам
Қарағанды облысында – 32 адам
Ақмола облысында – 23 адам
Атырау облысы – 24 адам
Жамбыл облысында – 28 адам
Шымкент қаласында – 14 адам
Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам
Алматы облысында – 10 адам
Ақтөбе облысында – 11 адам
Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам
Павлодар облысында – 1 адам
Маңғыстау облысында – 3 адам
Қызылорда облысында – 37 адам
Батыс Қазақстан облысында – 2 адам
Түркістан облысында – 28 адам
Қостанай облысында – 1 адам
Жалпы Қазақстан бойынша 584 науқас тіркелді.