» » Видеоға түсірді: коронавирус жұқтырған медбике қалай қиналып жатқанын көрсетті

Видеоға түсірді: коронавирус жұқтырған медбике қалай қиналып жатқанын көрсетті

  Ол Covıd-19 кесірінен тыныс алуға қиналып жатқанын айтты. Тамақ ішіп, қозғалудың өзі қиын екенін жеткізді.
АҚШ-тың Галлатин қаласындағы оңалту орталығының медбикесі ауруханада видео түсірді. Ол өзінің жағдайын айтып берді.
Шарека Уильямс Covıd-19 пневмониясы кесірінен тыныс алуға қиналып жатқанын айтады. 
"Маған ешқашан оқ тиген емес. Алайда мына дерт оқ тигеннен де жаман деп ойлаймын. Өте қатты қиналып жатырмын", - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында. 
Ол коронавирус салдарынан тамақ ішіп, қозғалудың өзі қиын екенін жеткізді. Медбике адамдарды сақтану шараларына бейжай қарамауға шақырды. 
"Бұл дерт сізге, жақындарыңыз бен отбасыңызға жеткенін күтпеңіз. Сақтаныңыз", - деп жазды ол.
Әлемде 1 273 990 адамда коронавирус тіркелді. 69 400 адам көз жұмды. Қазақстанда бұл індетке 584 адам шалдығып, алтауы қайтыс болды. 



06 сәуір 2020 ж. 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031