» » Қазақстанға Қытайдан бірнеше дәрігер келді

Қазақстанға Қытайдан бірнеше дәрігер келді

  Көрші елден келген делегация құрамына он маман енген: пульмонолог, реаниматолог, қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі сарапшы. Бейсенбі күні Қазақстанға Қытайдан дәрігерлер делегациясы келді. 
"Қытайдың науқастарды емдеудегі, эпидемиологиялық тергеу жүргізудегі тәжірибесін білесіздер. Бізге  пульмонолог, реаниматолог және қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі сарапшылар келді. Олар 15 күн болады, жұмыс бағдарламасы дайын", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров әуежайда тілшілерге.
Бағдарлама аясында дертті анықтау, коронавирус жұқтырғандарды емдеу сынды мәселелер талқыланады. Қытайлық дәрігерлер астана, Қарағанды және Алматы қалаларында болады.
"Қазіргі уақытта бізде коронавирустан айыққан науқастар бар. Бірақ жағдайы ауыр науқастар да жоқ емес. Олардың кейбірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сондықтан қытайлық әріптестерімізбен тәжірибе бөлісіп, үйрене аламыз", - деді Надыров.
Қытайдан келген дәрігерлер 14 күндік карантинге алынбайды. Қазақстанға келгенде олардың бәрінен бірер сағатта нәтижесі дайын болатын сынама алынды. 
Сондай-ақ, Қытай Қазақстанға дәрі-дірмек, қорғаныс құралдары бар гуманитарлық көмек жіберді.
Қытайлық дәрігерлердің Қазақстанға келуі туралы 24 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин телефон арқылы келіскен болатын.







10 сәуір 2020 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031