» » Вирустан қорғайтын қолғапты қолданудағы басты қателік айтылды

Вирустан қорғайтын қолғапты қолданудағы басты қателік айтылды

  Kyzylorda-news.kz. Вирустан қорғану үшін далаға қолғаппен шығу жеткіліксіз. Бұл туралы Sputnik радиосына Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Эрик Бровко айтты. 

Пандемия кезінде қолғап кию – қорғану шарасы. Алайда сарапшының айтуынша, медициналық қолғаппен жүрген кезде де қолды дезинфекциялауды ұмытпау керек екенін айтты. 
«Қолғап қолды қорғайды, бірақ қолмен құлақ, көз және мұрныңызды ұстауға болмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нақты қандай қолғап кию керек екені туралы кеңес берген жоқ. Бірақ тоқыма матадан жасалғандары тиімсіз болатыны анық. Медициналық қолғаптарды бір-ақ рет қолдану керек. Ал былғары қолғапты залалсыздандырып отыру керек. Қолғапты шешкен соң міндетті түрде қолды жуу керек», – деді Эрик Бровко.
Егер адам дүкенде немесе далада телефон қолданса, қолғап вирустан қорғай алмайды. Маман мұндай жағдайда вирус тікелей ағзаға өтетінін айтып отыр.
«Адам далаға шыққан кезде бастысы телефон ұстамауы керек. Қолғапты лақтырып жібергенмен, вирус ағзаға телефон арқылы түседі. Қажет болған жағдайға құлаққап тағып алуға болады. Телефонды қолмен ұстамай сөйлесу керек. Үйге келген соң телефонды спиртті майлықтармен сүру қажет», – деді ол.
10 сәуір 2020 ж. 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031