42500 жәрдемақысын алу үшін Телеграмнан фейк боттар көптеп пайда болуда
АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
Қазіргі таңда Телеграм мессенджерінде 42500 жәрдемақысына өтінім беру үшін жалған боттар пайда бола бастады. Олар азаматтардан бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) және басқа да өздері көрсеткен шоттарға төлемдер жасауды сұрауда.
Мұндай телеграм боттар фэйк болып табылады және азаматтарды адастырады.
«42500 жәрдемақысын алуға өтінім беру үшін тек қана онлайн өтінішті қабылдайтын және қандай да бір төлемді талап етпейтін ресми боттарды пайдалануды сұраймыз» - дейді, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының PR менеджері Бекбол Қаратайұлы.
Назарларыңызға 42500-ге өтінім беруге арналған ресми боттар тізімін ұсынамыз:
Сонымен қатар, өтініштеріңіздіegov.kzжәне42500.enbek.kz электронды порталы арқылы жолдауға болады.