» » Жанар Айжанова карантин кезінде онлайн концертін ақылы түрде өткізбек

Жанар Айжанова карантин кезінде онлайн концертін ақылы түрде өткізбек

  Карантин уақытында әркім сүйікті ісімен айналысуды әдетке айналдырды. Кей әншілер халықты қолдап, онлайн концертін берді. Ал, Жанар Айжанова онлайн концертін ақылы түрде өткізбек.

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында хабарлады. 
"Сіздер мені көндірдіңіздер. Мен карантин кезінде концертімді берейін деп шештім. Онлайн-концерттің бағасы 3000 теңге. Оны картаға жіберіп, түбіртегін көрсетесіз. Сол арқылы концерт тамашалай аласыз", - деді әнші. 
Әншінің айтуына қарағанда, желідегі тыңдармандары концерт беруін сұрап өтінген секілді. 
Бұған дейін Роза Рымбаева, Әлішер Кәрімов, Абай Бегей, Бағлан Әбдірайымов тағы да басқа әншілер халықтың көңілін көтеру үшін жанды дауыста ән айтып, видеосын жүктеп жатты. Мәселен, күні кешек халықтың ерке әншісі Мақпал Жүнісова Болат Сыбановтың әнін шырқап, тыңдарманының көңілін көтерді.
Бұған желі қолданушыларының бірі оң қарайтынын айтса, енді бірі қарсылығын білдірді. 
View this post on Instagram

қабыл алыңыздар.

A post shared by Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal) on

 
"Мақпал апай керемет!Тыңдап шықтым. Артынан айтқан сөзіңіздіде тыңдадым. Алла амандығын берсін!", "Мақпал апай сіз неге мектеп ашпайсыз Домбыра мектеп үйірмесің неге ашпайсыз Домбыра мен ән айтатың", "Әумин айтқаныңыз келсін! Сізге де бар жақсылықты тілейміз! Алланың назарында бақыттың базарында жүре беріңіз!", деп жұрт ризашылыңын білдірді.

STAN.KZ

17 сәуір 2020 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930