» » Министр 42 500 теңге барлық адамға не себепті берілмейтінін түсіндірді

Министр 42 500 теңге барлық адамға не себепті берілмейтінін түсіндірді

  Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көптеген көмектің бірі 42 500 теңге екенін атап өткен министр, оны алудың негізгі шарты бар екенін айтады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем неге барлық азаматқа берілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Неге 42 500 теңге барлық азаматқа бірдей берілмейді? Төтенше жағдайға байланысты үкімет тарапынан біраз көмек қарастырылды, әлі де жалғасып жатыр. Бір жағынан несие, салық, қарыздар шегерілді. Зейнетақы мен жәрдемақы тоқтаған жоқ. Олар қайта ұлғайды. Мамыр айындағы зейнетақы мен жәрдемақы сәуірде қосылған үстемемен бірге төленеді. Халықтың тұрмысы төмен тобына коммуналдық шығындарды өтеу үшін 15 мың теңгеден берілетін болды. Азық-түлік жағынан да көмек қарастырылды", – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.
Министр осындай көп көмектің бірі төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылғандарға берілетін 42 500 теңге екенін атап өтті.
"Сондықтан бұл бөлек төлем болғаннан кейін оның шарттары бар. Оның негізгісі – алып жүрген жалақыңыздан, тауып жүрген табысыңыздан төтенше жағдай салдарынан айырылған жағдайда төленетін төлем", – деді ведомство басшысы.
Бұған дейін министр 42 500 теңге алғаны үшін бірде бір азамат қылмыстық жауапқа тартылмайтынын мәлімдеді.
Еңбек министрлігінің ақпаратынша, әлеуметтік төлем 3,6 миллион адамға төленген. Тағы үш миллиондай адам әртүрлі себепке байланысты жәрдемақыға ілікпей қалды.






20 сәуір 2020 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031