Айқынның жары Жұлдыз Өмірғали екінші әйел болу ұнамайтынын айтты (Видео)

Жұлдыз Өмірғали бүгінде отбасымен бақытты болғанына қарамастан, екінші әйел атану өзіне аса ұнамайтынын жасырмады.
Жеке өмірі мен жанұясына қатысты тың мәліметтермен ол Instagram желісіндегі Stories-те бөліскен.
Өнер иесі екінші әйел болуға қатысты сауалға былай деп жауап қатты:
"Күшті деп айта алмаймын. Мен болсын, басқа адам болсын көп әңгіме болады. Ол әңгіме ешқашан бітпейді. Сондықтан, онша емес. Мен өзімді ең бақытты адаммын деп ойламаймын. Олай ойлаудың өзі де дұрыс емес. Бәрібір бәрі мінсіз болмайды" , - деді Жұлдыз.
Оған қоса, эстрада жұлдызы Айқынның бірінші некеде туған қызына қатысты пікір білдірді.
"Асылымыды жақсы көремін. Өте сүйкімді әрі ақылды қыз" , - деді әнші.
Пікір қалдыру