» » Қазақстан карантин режимін жеңілдетуге дайын

Қазақстан карантин режимін жеңілдетуге дайын

  Kyzylorda-news.kz. Қазақстан карантин режимін жеңілдетуге дайын. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылды.

ҚР Президенті Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын екендігін айтты.
«Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады. Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды. Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажеттігін, күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн екендігін баса атап өтеді.
«Кәсіпорын басшыларына және жергілікті атқару органдарына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бұл орайда барлық деңгейдегі әкімдіктердің рөлі айтарлықтай артады», – деді ҚР Президенті.
27 сәуір 2020 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930