» » Полиция басшысының орынбасары коронавирус жұқтырды

Полиция басшысының орынбасары коронавирус жұқтырды

  Полиция қызметкері Теңіз кен орнында вахташылар арасында коронавирус тарап, толқулар болған кезде барған.
 Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.
Полиция департаменті бастығының орынбасары жақында Теңіз мұнай кен орнынан іссапардан оралған.
Еске сала кетсек, мердігер компаниялардың жұмысшылары арасында коронавирус тарап, толқулар болды.
"Атырауға келгеннен кейін полиция қызметкері жүргізушісімен бірге COVID-19-ға тест тапсырды, нәтижесі оң болды", - деп атап өтті басылым.
Бұған дейін Атырау облысында үш полиция қызметкері инфекция жұқтырған. Олар инфекцияны коронавирус індетімен ауыратын ұсталған адамдардың бірінен жұқтырды деген болжам бар.






04 мамыр 2020 ж. 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728