ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШТАРЫ АШЫЛДЫ

Осыған орай қазір облыс, қала әкімдігінің қолдауымен қаламыздың бірнеше нысандарында egov.kz бұрыштары, яғни өз-өзіне қызмет көрсету секторлары ашылды. Енді тұрғындар онлайн қызметтерді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы осы жерден ала алады. Алғашқы бір күннің ішінде-ақ қызмет көрсету бұрышының көмегін 100-ден аса тұрғын пайдаланып үлгерді.
«Бұл өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылғанға дейін ыңғайлы қызмет алуы үшін ашылды, олар мұнда электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелген жағдайда, түрлі анытамалар мен электронды қызметтерді алады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиал директоры Айдын Қайруллаев.
Қазіргі таңда қала бойынша бірнеше нысандарда ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 100-ге жуық кеңес беріліп, 18 тұрғын электронды цифрлы қолтаңба ЭЦҚ алып, 1 жүргізуші куәлігі мен 2 көлік құралы тіркеліп, рәсімделді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары орналасқан мекенжайы:
1. Қалаға қарасты барлық ауылдық округ әкімдігінің ғимараты
2. Ә.Тажибаев облыстық кітапханасы
3. Сол жағлауда орналасқан облыстық жастар ресурстық орталығы
4. «Бақытты отбасы» орталығы
5. Қаламыздағы автосалондар ғимараты
6. «Энергосервис» мекемесі7. Барлық пәтер иелері кооперативтері ғимараты
8. Тұрғын үй жинақ банкі ғимараты