» » НҰРЖАНБЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

НҰРЖАНБЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

  «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарыста Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Нұржанбек Құрманбек екінші орынды иеленді.

  Бұл байқауда Нұржанбек «Экология және ғарыштық қызмет» бөлімінде «Фитоп» биологиялық препаратының Қызылорда облысының климаттық жағдайында күріш дақылдарының өсуіне және дамуына әсерін талдау нәтижелерін таныстырды. Жоба жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Гүлназ Абдукамаловамен бірге мектеп зертханасында арнайы тәжірибе өткізген ол аталмыш тыңайтқыш күріш тұқымдарының өнуін 98 пайызға, ал өнімділікті 30 пайызға арттыруға мүмкіндік беретіндігін дәлелдеді. Қазылар алқасы мүшелері аталған жобаның өзектілігін жоғары бағалап, жүлделі екінші орынмен марапаттады.
«Тұқымдарды бұл әдіспен сауықтыру арқылы біз өсімдіктер дамуының алғашқы кезеңдерінен бастап қорғай аламыз. Препаратты қолдану тұқымның өну энергиясын көбейтіп, тамырдың пайда болуын жақсартады және вегетациялық кезеңде ауруларға төзімділігін арттырады. Ең бастысы, бұл үлкен шығынды қажет етпеді», – дейді жас ғалым.
«Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын жыл сайынғы ғылыми сайыс биыл алғаш рет бейнеконференция форматында өтті. Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның 143 қатысушысы өздерінің ғарыш, ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу салаларындағы өнертабыстары мен зерттеушілік теорияларын қорғады.
Айта кету керек, аталмыш сайыста NIS командасы барлығы 9 жүлделі орындарды иеленді. Екі жас зияткер І дәрежелі, үш оқушы – ІІ дәрежелі,  және төрт оқушы  – III дәрежелі дипломдармен марапатталды.




28 мамыр 2020 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031