» » Ғалымдар қол алысу арқылы коронавирус жұқтыру қаупі өте төмен екенін айтты

Ғалымдар қол алысу арқылы коронавирус жұқтыру қаупі өте төмен екенін айтты

 Kyzylorda-news.kz. Сарапшылар коронавирус сөйлесу кезінде жиі жұғатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.
Мұндай тоқтамға Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары келіп отыр. 
Мамандар індетке тап болғандар сағат сайын миллиондаған вирус қалдықтарын ауаға бөлетінін айтады. Сөздерінше, аурудың белгілері байқалмағандардың өзі басқаларына үлкен қауіп төндіруі мүмкін екен. 
Сондай-ақ зерттеушілер зат арқылы немесе қол алысу арқылы вирусты жұқтыру ықтималдығы өте төмен екенін жеткізді. Себебі инфекция тудырушылар көбіне ауа арқылы таралатын көрінеді. 
Сарапшылардың сөздерінше, маска кию расымен де індеттің жаппай таралуын алдын алатын сыңайлы. 
Еске салайық, бұған дейін коронавирустың талауының бірнеше жолдары айтылған еді. Мамандар жұқпалы ауру қол алысу, сөйлесу, тіпті, шаш пен көзді ұстаған кезде жұғатынын анықтапты. 
06 маусым 2020 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031