» » "Президентке қауіп төніп тұрған жоқ": Берік Уәли жайсыз жаңалық жариялады

"Президентке қауіп төніп тұрған жоқ": Берік Уәли жайсыз жаңалық жариялады

 Президенттің баспасөз хатшысынан коронавирус инфекциясы анықталып, ауруханаға жатқызылды. Ал Ақордада санитарлық режим күшейтілді. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің коронавирусқа тапсырған тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
"Өкінішке қарай, бүгін аса бір жайсыз жаңалықты жариялайын деп отырмын. Әлемді айналып, елімізді шарлап кеткен коронавирус індеті менен де табылды. Кеше тапсырған тест қорытындысы оң нәтиже берді. Қазір ауруханада, дәрігерлердің қарауында жатырмын. Ем қабылдаудамын", – деп жазды Уәли.
Баспасөз хатшысы президент белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
"Мемлекет басшысының денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы үнемі тест тапсырып, қорытындысын алып отыр. Ақордада санитарлық режим күшейтіліп, қауіпсіздік шаралары қатайтылған", – деді ол.
Сондай-ақ Берік Уәли індет басталғалы дабыл қағып сақтануға, дертті жұқтырмаудың жолдарын қарастыруға шақырғанмен пандемияға сенбейтін, ауруды жоқ деушілер қатары азаймай тұрғанын тілге тиек етті.
"Міне, мен дерт жұқтырдым, оны жасырмай жариялап отырмын. Мұндағы мақсат алаңсыз жүрген азаматтар ойлансын, сенбей жүрген кісілердің көзі жетсін дегенім. Ауру бар. Оны жұқтырушылардың саны күн сайын артып жатыр. Қанша жерден сақтық шараларын қатаң сақтап жүрсек те, біз де жұқтырдық", – деді Уәли.
Айта кетейік, республикалық жедел штаб мәліметі бойынша бүгінгі күнге дейін елімізде індет жұқтырғандардың саны 12 694 адамға жетті. Оның ішінде 7 135 науқас айығып шықса, 53 адам індет салдарынан көз жұмды.






07 маусым 2020 ж. 1 082 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031