Қазақстанда коронавирус симптомдары жоқ науқастар саны артты
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус белгілері жоқ науқастар саны артты. Бір тәулікте мұндай 313 науқас анықталды.
Ресми мәліметке сәйкес, коронавирустың симптомдары жоқ науқастардың ең көбі Нұр-Сұлтанда (62 адам), Шымкент (49 адам) және Алматы қаласында (40 адам) анықталды.
Осылайша, Нұр-Сұлтанда коронавирус симптомы жоқ 203 науқас, Алматыда 135, Шымкент қаласында 180 науқас тіркелді.
7 маусымда Ақтөбе облысында ауру симптомы жоқ бір де бір науқас тіркелген жоқ.
Өзге өңірлердегі жағдай:
Ақмола облысы – 4,
Алматы облысы – 9,
Атырау облысы – 25,
Шығыс Қазақстан облысы -17,
Жамбыл облысы – 4,
Батыс Қазақстан облысы – 30,
Қарағанды облысы – 37,
Қостанай облысы – 4,
Қызылорда облысы – 2,
Маңғыстау облысы – 5,
Павлодар облысы – 5,
Солтүстік Қазақстан облысы – 6,
Түркістан облысы 14 ауру белгісі жоқ науқас анықталды.
Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 12 859 адамда анықталды, 7 376 адам жазылып шықты, 56 адам көз жұмды.