» » Алматы блокбекетіндегі апат: ауруханада жатқан полицейдің жағдайы белгілі болды

Алматы блокбекетіндегі апат: ауруханада жатқан полицейдің жағдайы белгілі болды

 Блокбекеттегі жантүршігерлік апаттан тірі қалған полицей Ербұлан Сейдазым есін жиды, аурухана палатасында өз бетінше жүре алады. 25 мамырда Алматыдағы блокбекетте болған жол апатынан зардап шеккен полицей Ербұлан Сейдазым есін жиды. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
"Пациенттің жағдайы тұрақты, беті бері қарап келеді", - делінген Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының хабарламасында.
Сейдазым есін жиған, дәрігерлердің сұрақтарына жауап береді.
"Бірақ, әлі де басы айналып, ауырады. Палатада өз бетінше қимылдап, жүре алады", - деп мәлімдеді басқармадан.
Қазір тәртіп сақшысы бейіндік бөлімшеде жатыр. Ем, күтім, жарасын таңу және оңалту жалғасады.

Алматы блокбекетіндегі жол апаты

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы Жаңа ғасыр мен Қожабеков көшелерінің қиылысындағы №4 блокбекетте BMW автокөлігінің жүргізушісі, алдымен, блокбекет қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан. Жүргізуші мас болған.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.
Алматы полициясының тағы бір қызметкері – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі Ербұлан Сейдазым ауыр хәлде жансақтау бөліміне жеткізілді.
BMW жүргізушісі Азат Азаматовқа қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағы "Екі және одан да көп адамды өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір күдікті қамауда.






08 маусым 2020 ж. 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930