» » ҰБТ-ның екінші күнінде 261 талапкер ереже бұзды

ҰБТ-ның екінші күнінде 261 талапкер ереже бұзды

Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы айтып берді. Олардың сөзінше, 261 оқушы аудиториядан ереже бұзғаны үшін шығарылып, 19 баланың қызуы көтерілген. 
"22-маусым күні республика мектептерінде ҰБТ-ға 9478 талапкер қатысқан. Оның 2,7 пайызы немесе 261-і ереже бұзып, аудиториядан шығарылды. 19 талапкердің немесе 0,2 пайызының дене қызуы көтерілген. Нәтижесінде 9,5 мыңға жуық баланың 6 553-і немесе 69,1 пайызы шекті балды жинай алды. Ал 58 талапкер (0,6%) – 130 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Айта кетейік, ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады", - дейді тестілеу орталығы. 
Орталықтың айтуынша, маусым айында тестілеуге кіре алмаған түлектер ақылы бөлімде оқу үшін осыған дейін тапсырған тест нәтижелерін қолдана алады. 
"Достар, егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырып, шекті балл жинаған болсаңыз, сол сертификатпен ЖОО-ға ақылы негізде түсе аласыз. Өйткені заңның кері күші болмайды, тіпті маусым айындағы тестілеуге кірмесеңіз немесе маусымдағы ҰБТ нәтижеңіз жойылған болса да, қаңтар айының ҰБТ сертификаты жарамды болып қала береді", - дейді тестілеу орталығы Facebook парашасы арқылы.
Еске салайық, тестілеудің алғашқы күні 6 186 адам қатысып, 164 талапкер биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Биылғы ҰБТ еліміздің барлық өңірінде 21 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.
23 маусым 2020 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031