ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ХҚКО-да ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

Аталмыш жобаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыс бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығында аймағымыздағы ерікті түрде қызмет жасауға ниет білдірген волонтерлармен кездесу өтті.
Тұрғындарға ерікті түрде қызмет көрсетіп, қолқабыс жасауға ниет білдірген 20 еріктілерге ХҚКО мамандары орталықтың қызметімен таныстырып, жаңа жұмыс форматын түсіндірді.
«Еріктілерге қызмет көрсету жолдарын алдымен өзіміз үйретіп жатырмыз. Одан кейін олар тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы мен мобильді қосымшалардың көмегімен алу жолдарын түсіндіріп, кеңес беретін болады» - дейді, филиал директоры Айдын Қайруллаев.
Айта кету керек, еріктілер орталықтарда аптасына 10 сағаттан, 9:00 дан 18:00 сағатқа дейін қызмет ететін болады. Сонымен қатар, арнайы тренингтен өткен жоба қатысушылары өз аймақтарында азаматтарды цифрлық қызметтермен пайдалануды қашықтықтан үйретіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының аймақтық филиалдарында жұмыс істейтін болады.