» » Коронавирустың қашан жойылатыны белгілі болды

Коронавирустың қашан жойылатыны белгілі болды


   Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі, елдің жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшань коронавирустың аяқталу мерзімін атады.

Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі, елдің жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшань коронавирустың қашан жойылатынын айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.
Оның пайымынша, коронавирус биылғы қыс пен 2021 жылдың көктемінде жойылмайды, алайда жұқтырудың екінші толқыны біріншіге қарағанда ауқымды болмайды.
«Эпидемия қыста, көктемде жойылмайды. Биыл қыста, келесі жылдың көктемінде жұқтыру қарқыны артуы мүмкін. Бірақ мен әлемдегі бірінші толқын секілді екінші толқын ауқымды болады деп ойламаймын», – деді Чжун Наньшань.
Вирусолог маман дер кезінде инфекцияның жергілікті өршуінің таралуына жол бермеу үшін әуе рейстерін қысқарту, оқу орындарында сабақтарды тоқтату сияқты қысқа мерзімді қатаң шаралар қабылдау қажеттігін айтты.


Қытай билігі 2019 жылғы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын елдің орталық бөлігіндегі Ухан қаласында (Хубей провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлаған болатын. Мамандар аурудың қоздырушысы коронавирустың жаңа түрі екенін анықтады, кейінірек инфекцияға ресми COVID-19 деген атау берілді. ДДСҰ 11 наурызда COVID-19 пандемиясын жариялады.
24 маусым 2020 ж. 1 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930