Сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша түсіндірме
Елімізде індет жайлап, төтенше жағдай қалыптасты. Барлықтарыңызға мәлім, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізіліп, 2020 жылдың 11 мамырына дейін созылды.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің қызметтері тоқтатылып, көптеген жеке тұлғалар және кәсіпкерлер жұмыстары мен табыстарынан айырылды, күнделікті тұрмыс-тіршіліктері тоқтады. Мемлекет тарапынан аталған тұлғаларға барынша әлеуметтік және қаржылық жағынан қолдау көрсетіліп, көптеген іс-шаралар жүзеге асырылған болатын.
Осындай жағдай тәуелсіз Қазақстанда бірінші рет орын алғандықтан соттарда іс жүргізу мәселелеріне қатысты біршама сұрақтар туындайтыны белгілі. Осы орайда, бірізділікті сақтап, бір келкі сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысының 2020 жылғы 6 мамырдағы №9 қаулысымен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінің кейбір сұрақтары жөнінде №1 түсіндірмесі бекітілді. Аталған түсіндірме төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша құқықтық кеңес беруді мақсат етеді. Бұл Конституцияның негізгі қағидаттары, экономиканы қалпына келтіру, қоғамның әл-ауқаты, қоғамдық келісім.
Азаматтық және азаматтық процестік заңнаманы қолдану жөніндегі сұрақтардың бірқатарына тоқталып өтсем.
- ТЖ-ны еңсерілмейтін күш мән-жайлары ретінде анықтау үшін сотқа жүгіну, яғни оны заңды факт деп тану міндетті ме? Жауап: Жоғарыда аталған құқықтық актілер республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, олар ашық, қолжетімді, баршаға мәлім. Демек ТЖ «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығымен енгізілген жалпыға белгілі факт болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 76-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сот жалпыға бірдей белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді. Бұл ретте белгілі бір аумақта, оның ішінде сотқа және іске қатысатын адамдарға кеңінен мәлім болуына орай іс бойынша дәлелдеу нысанасына кірмейтін мән-жайлар жалпыға бірдей белгілі мән-жайлар деп танылады.
- Талап қою мерзімінің өтуін есептеуге ТЖ қалай әсер етеді? Жауап: АК-нің 182-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ТЖ-ны енгізу талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұрады.
- Процестік мерзімдерді ұзартуға және қалпына келтіруге ТЖ қалай әсер етеді? Жауап: Талап қою арыздарын (арыздарды), апелляциялық және жеке шағымдарды, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ ТЖ кезеңінде өтіп кеткен өзге де процестік мерзімдерді сот АПК-нің 126-бабының негізінде ұзартуы және қалпына келтіруі мүмкін.
Түсіндірменің мақсаты экономиканы қалпына келтіру, қоғамның әл-ауқаты, қоғамдық келісім. Бұл Конституцияның негізгі қағидаттары.
Бір сөзбен айтқанда сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша түсіндірме уақтылы және өзекті. Олар әлеуметтік проблемаларды арттыруға мүмкіндік бермейді.
Заңнамадағы кемшіліктерге байланысты әлі жауабы анықталмаған сұрақтар өте көп. Бірақ осы түсіндірме бірқатар қисынсыз мәселелерді болдырмайды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы
А.Әбілқайысқызы