Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
Ол COVID-19 жұқтырмағанын, тек стресс салдарынан қатты аллергия болғанын жеткізді. Ильин бір аптадан бері ем-дом қабылдап жатыр Ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ауруханада түсірген видео жариялады. "Алты күннен бері ауруханада жатырмын. Қазір жағдайым жақсы. Мен COVID жұқтырған жоқпын. Стресс салдарынан ағзамда аллергиялық реакция болды", - деді Илья Ильин видеода.