» » Тоқаев: ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс

Тоқаев: ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс

 Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отырғанын мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирус статистикасын жасырмау міндетін қойып отыр. 
Президенттің айтуынша, үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр.
"Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына пневмонияға шалдыққандарды коронавирус жұқтырғандар тізіміне қосу туралы сұрау жолдаған болатын.
"Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ДДҰ-ның ұсынымы бойынша статистикаға ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді", – деген еді денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова.
Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев бейнеүндеу жолдап, қазіргі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан болатын.






17 шілде 2020 ж. 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031