Жаңа төрайым сайланды
Асыл мұра - Орда» қоғамдық қоры «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында ү.ж. 23 шілде күні сағат 11.00 де «ZOOM» онлайн форматта кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының бұрынғы төрайымы С.Абдрахимованың денсаулығына байланысты өз еркімен төрайымдылықтан бас тартуы, қауымдастыққа жаңа төрайым тағайындалуына байланысты болды. Қызылорда облыстық ҮЕҰ-дардың жетекшілері кездесуге қатысып, «Ұмай» қайырымдылық ұйымының директоры Анар Ізден Жарылқасынқызын жаңа төрайым ретінде ұсынып дауыс жинады. «ҚОАА» қауымдастығының құрылтайшысы «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әбдіхалықова Гүлсара, «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрайымы реттінде тағайындауға Анар Ізден Жарылқасынқызын ұсынды. Кездесу соңын Анар Ізден Жарылқасынқызын қауымдастық төрайымы реттінде тағайындалды. Қарсылық білдіріп, қалыс қалғандар болмады бәрі бірауыздан қолдау білдірді.